АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Қостанай тұрғыны жолды бөліп тұрған тұтас қос сызықты бірнеше жерден қара бояумен бояп, үзік сызықтар жасаған. Осылайша өзіне кері бұрылуға ыңғайлы жағдай жасап алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Алау порталына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметіне сәйкес, ондай заңсыз әрекет бұған дейін де болған.
"Жол белгісінеөз бетінше өзгерту енгізу жол апатына себеп болады. Соның салдарынан адамдарға материалдық шығын, ал кейбір жағдайларда денсаулыққа зиян келеді, тіпті, адам өлімі болуы мүмкін", - дейді тәртіп сақшылары.
Жол белгісін өзгерткен жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ондай әрекет үшін 2 АЕК (6 900 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.