Қазақстанның ЕАЭО мүше елдермен арадағы тауар айналымы 74 процентке артты

Sputnik
АЛМАТЫ, 25 мамыр - Sputnik. ЕАЭО құрылғаннан бері Қазақстанның одаққа мүше өзге елдермен арадағы тауар айналымы 74 пайызға ұлғайғанын атап өткім келеді. Осы орайда экспорт 98 пайызға өсті.
Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында айтты.
"Геосаяси қиындықтар бүкіл әлемдегі экономикалық жағдайға айтарлықтай ықпал етіп отыр. Биыл халықаралық қаржы институттары әлемдік экономиканың өсіміне қатысты болжамды, орташа есеппен алғанда, шамамен екі есе төмендетті.Бірақ сыртқы факторлардың қысымына қарамастан, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығымыз қарқынды дамып келеді. Одаққа мүше мемлекеттер макроэкономикалық тұрақтылығын сақтап, экономикалық өсім қарқыны мен өзара сауда көлемін арттыруда.Мен өз тарапымнан ЕАЭО құрылғаннан бері Қазақстанның одаққа мүше өзге елдермен арадағы тауар айналымы 74 пайызға ұлғайғанын атап өткім келеді. Осы орайда экспорт 98 пайызға өсті. Бұл жақсы көрсеткіш деп санаймыз", - деді мемлекет басшысы.
Ол Қазақстанның Одақты дамытуға қатысты ұстанымы – елдеріміздің экономикалық әлеуетін дәйекті түрде арттыру екенін атап өтті.
"Яғни, жобалар, технологиялар, жұмыс орындары, салықтар.Біз күш біріктіре отырып, алдымызға қойған барлық міндетті табысты атқаратынымызға және Еуразиялық экономикалық одақты дамудың анағұрлым жоғары деңгейіне шығаратынымызға сенімдімін", - деді президент.