"Қазақмыс" зауытының тозығы жеткен жабдықтары Балқаш экологиясын ластап жатыр

Sputnik
АСТАНА, 25 мамыр - Sputnik. "Қазақмыс" зауытындағы тозығы жеткен жабдықтардан Балқаштың экологиясы зардап шегіп жатыр, деп хабарлайды "Вечерняя Караганда" басылымы.
"Балқаштағы атмосфералық ауаның ластануы Kazakhmys Smelting мыс балқыту зауыты жабдықтарының технологиялық тозуынан болды", - деді тұрғындармен кездесуде Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Дархан Исжанов
Биыл қазанда кәсіпорын күкірт қышқылы зауытын салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтауға тиіс. Бұл зиянды шығарындылар көлемін жылына 50% немесе 31 мың тоннаға дейін азайтады.
"Қазір құрылыс-бөлшектеу және дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Құрылысты 2025 жылы аяқтау жоспарланған. Балқаштың ірі кәсіпорындары тұрақты бақылауда", - деп сендірді экологиялық ведомстводан.
Өткен жылы Балқаш қаласы бойынша нақты зиянды шығарындылар 78,5 мың тонна болған. Оның жартысынан көбі(73,8%) Балқаш мыс балқыту зауытына (57, 7 мың тонна) тиесілі.
Әлем
Ресей "Балқаш" радиолокациялық станциясына қатысты келісімнің күшін жойды