АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Ресей қауымдастыққа мүше барлық елмен арадағы өзара іс-қимылды жоғары бағалайды және серіктестік қағидаттары негізінде қарым-қатынас құрып жатыр, деді Ресей президенті Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамда өткен отырысында.
"Мен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастық шынымен де айтарлықтай табысты дамып келе жатқанын атап өткім келеді", - деді Путин.
Ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ЕАЭО-да "Армения негізгі бенефициар екені", өйткені "Арменияда экономикалық өсу қарқыны ең жоғары" деген сөзіне тоқталды.
Премьер-министр Никола Пашинянның айтуынша, Арменияның жалпы ішкі өнімінің өсімі 12,1%-ды құрайды.
"Бұл, әрине, өте үлкен көрсеткіш", - деді Путин.