АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Астана қаласында Мемлекеттік рәміздер күніне орай бәйге түрлерінен Қазақстан Республикасының турнирі өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бәйгенің "Құнан", "Жорға", "Топ" және "Аламан" түрлерінен еліміздің барлық облысы мен қалаларынан бағы мен бабы келіскен шын жүйріктер сынға түседі.
Жарыстың жүлде қоры 20 млн теңгені кұрайды.
Дода 4 маусым күні сағат 12:00-де "Қазанат"атшабарында (Қарқаралы тас жолы, 1 мекенжайында, №303, 323 автобустар қатынайды) басталады. Кіру тегін.
Сайыстың ұйымдастырушылары – Астана қаласының әкімдігі мен Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорт түрлерінің федерациясы.