АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері Арыс ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
21 мамыр Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Арыз негізінде полицейлер жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктіні ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
Полицейлер дағдарыс орталығымен байланысып, қызбен психологтар жұмыс жүргізді. Қазір жасөспірім үйінде, сараптама қорытындысына сәйкес, қыздың денесінде басқа да жарақаттар анықталған жоқ.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.