АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Талдықорғанда шетелдік көлік қаққан 50 жастағы тұрғын сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол апаты 23 мамыр күні кешке Абылай хан көшесінде болған. BMW көлігін тізгіндеген Талдықорған қаласының 20 жастағы тұрғыны белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен ер адамды қағып кеткен.
Аталған дерек бойынша қажетті сараптамалар жасалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.