АЛМАТЫ, 24 мамыр – Sputnik. Қазақстанда балалар әлеуметтік желілерге тіркелу үшін ата-анасының рұқсаты қажет болады. Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Жоба 6 маусымға дейінталқыланады.
Яғни, кәмелетке толмағандар WhatsApp, ВКонтакте өзге де әлеуметтік желілер платформаларына ата-анасының рұқсатынсыз тіркеле алмауы мүмкін.
Қазақстанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында олардың әлеуметтік желілерге тіркелуін шектеу шаралары қарастырылып жатыр.