Экономика

ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие – Тоқаев

Sputnik
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция" атты Еуразиялық экономикалық форумында сөз сөйледі.
"Экономикалық интеграция түпкі мақсат емес. Бұл тек ұйымға мүше мемлекеттердің экономикасын дамытудың және халықтарының әл-ауқатын жақсартудың бір құралы екенін түсіну маңызды", - деді ол.
Айтуынша, экономикалық интеграцияның жетістігі стратегия, келісім және шешім санымен емес, керісінше, жаңа өндіріс, технология және жұмыс орындарымен бағаланады.
"Біз үшін, 2015 жылғы шартта көрсетілгендей, ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие", - деді Тоқаев.
Президент кез келген істі қолға алғанда әрдайым қазіргі проблемаларды ғана шешіп қоймай, келешектегі жұмысты да жоспарлау керек екенін атап өтті. Ол Айналадағы жағдайдың өзгеруіне байсалды қарау керек, деді.
Тоқаев жаңа жаһандық логистиканы дамытудың маңыздылығына тоқталды