Ақтау әуежайында екі күн бойы ұшақтар күндіз ұшпайды

Sputnik
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Ақтау әуежайында ұшу жолағын жөндеу жұмыстарына байланысты күндізгі рейстердің бәрі екі күнге кешкі уақытқа ауыстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгіннен бастап әуежайдың ұшу жолағында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оны 25 мамырға дейін аяқтайды. Осыған байланысты екі күн бойы таңғы сағат 9:00 мен кешкі сағат 19:00-дің аралығында ұшу жолағы жабық болады. Ал барлық күндізгі рейс кешкі уақытқа ауыстырылды.
"Таңғы 9:00-ге дейін рейстер бұрынғыдай ұша береді. Кешкі және түнгі рейстер де солай. Күндізгі рейстер ғана кешкі уақытқа ауыстырылады. Тіркеу кешкі сағат 17:00-де басталады", - дейді анықтама бюросының мамандары.
FlyArystan компаниясы да өзінің Telegram арнасында Ақтау әуежайындағы рейстерге өзгеріс енгізілгенін хабарлады.
Ұшу уақыты туралы өзекті ақпарат жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген нөмірлерге жіберіледі.
"Бұл өзгеріс әуе компаниясының қызметіне байланыс емес екендіндігіне назар аударуыңызды сұраймыз. FlyArystan ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстарды қолдайды, алайда Ақтау әуежайының хабарламаны кеш жіберуі сіздің жоспарыңызға әсер еткеніне өкініш білдіреміз", - делінген ресми хабарламада.