АҚШ-та дефолт қаупі артты ма

Sputnik
АҚШ-тағы республикашылдар мен демократтар мемлекеттік қарыздың шекті мөлшері туралы келісе алмай жатыр. Өзін әлемдегі бірінші экономика деп атайтынын елді бір аптадан кейін дефолт күтіп тұр. Осыған байланысты америкалықтар Украинаға демеушілік жасауды жалғастыру керек пе деген мәселені талқылап жатыр, деп жазды РИА Новости.
Беделді Hill журналының шолушысы "мемлекеттік қарыз шегінің мәселесі тығырыққа тірелуі және Украинаның алдағы қарсы шабуылының белгісіз салдары келесі қаржыландыру қашан болатыны туралы маңызды келіссөздерді кейінге қалдырды" деп жазды. Жалпы Украина тақырыбының дефолт мәселесімен бірге пайда болуының басқа да мәні бар.
АҚШ-тағы әрбір ірі экономикалық дағдарыстың адам қолымен жасалғанын байқау қиын емес. Бұл дағдарыс кезінде ірі корпорациялар мен банктер жылдам байып, ал қарапайым америкалықтар жаппай банкротқа ұшырайтыны да белгілі.
"Бұл 2008 жылы Goldman Sachs сияқты банктер банкротқа ұшыраған салық төлеушілер есебінен өз жағдайларын түзетіп, мемлекеттік бюджеттен жүздеген миллиард доллар алып жатқанда анық байқалды", - деп жазды мақала авторы.
Бірақ АҚШ азаматтары наразылық білдірмеуі үшін билік олардың неліктен үйінен, жұмысынан және зейнетақы жинағынан айырылғанын түсіндіретін қандай да бір себеп ойлап табады. Көбінесе бұл соғыс.
2008 жылғы ипотекалық дағдарыстан басқа Ұлы рецессияға АҚШ-тың Ирак пен Ауғанстандағы соғыстарға жұмсаған шығындары себеп деп түсіндірді. 2000 жылдардағы дағдарыс Югославиядағы іс-қимылдарға қатысты шығындарға байланысты болып табылады.
Бірақ ең танымал мысал Вьетнам соғысы болды. Өйткені 1970 жылдардың басында АҚШ тағы бір экономикалық дағдарыстың астында қалды. Инфляция, мемлекеттік қарыздың өсуі, доллардың құнсыздануы, азаматтардың жаппай наразылығы. Елдің дағдарыстан шыға алмай қалғаны соншалық, президент Никсон АҚШ доллары енді алтынмен қамтамасыз етілмейтінін жариялауға мәжбүр болды.
Әлемдегі кез келген ел үшін бұл дефолтты білдірер еді. Бірақ 70-ші жылдардың басында әлемнің жетекші ойыншылары жаңа ережелерге келісті. Себебі доллар халықаралық есеп айырысу үшін тым ыңғайлы болды. Бірақ доллардың құнсыздануы да көмектеспеді: АҚШ экономикалық дағдарыстан 80-ші жылдары ғана шықты.
70-ші жылдардағы рецессияға Оңтүстік Вьетнамды кінәлі деп атады. Вашингтон Вьетнамдағы соғысқа жұмсалған көп ақшаның талан-тараж болғанын мәлімдеді. АҚШ Конгресі оңтүстік вьетнамдықтарға демеушілік жасаудан бас тартып, америкалықтар Сайгоннан кетті.
"Вьетнам соғысы АҚШ-тың төлем тапшылығын тудырды, бұл доллардың құнсыздануына және Бреттон-Вудс жүйесінің аяқталуына әкелді", - деп 1973 жылы жазған The New York Times мәлімдемесіне қарапайым халықтың енуден басқа амалы болмады.
"АҚШ-тың қазіргі экономикалық жағдайы 1970 жылдардың басындағыдан айтарлықтай нашар. Инфляция 1,5 еседен жоғары, мемлекеттік қарыз 30 есе өсті. Доллардың сатып алу қабілеті төмендеді – 1970 жылы құны 30 мың доллар тұратын үй қазір жарты миллионға сатылып жатыр. Сонымен қатар жарты ғасыр бұрын АҚШ-тың өз өндірісі болған, ал қазір көптеген өндіріс шетелге көшірілді", - деп жазылған материалда.
Қазір америкалық доллар мен америкалық экономиканы құтқаруға ынталанып отырған мемлекет жоқ. Сондықтан Вашингтон барлық экономикалық қиындықты, соның ішінде мемлекеттік қарыз бойынша дефолтты Украинаға жүктеуді қолайлы көріп отыр. Бірақ бұл тұста Киевтің не қатысы бар және Вашингтонның Ресейді тежеу үшін бөлген ондаған миллиард доллары мұхиттағы тамшыдай деп қарсылық білдіруге болады.
Алайда Вьетнам соғысы да америкалық бюджетке арзанға түсті. Жылына бірнеше миллиард, бұл бүкіл әскери бюджеттің бес процентінен аспайды. Алайда Вьетнам бұқаралық ақпарат құралдарының назарында болды. Ол туралы жазды, айтты, фильмдер түсірді, наразылықтар ұйымдастырылды. Сондықтан өз пайдасына кезекті дағдарыс ұйымдастырған АҚШ элитасына инфляцияны, жұмыссыздықты, жаппай банкроттықты, доллардың құнсыздануын Вьетнам соғысымен байланыстыру өте оңай болды, дейді мақала авторы.
Қазір Украина бүкіл әлемнің назарында тұр. Бүкіл әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары Украина жеріндегі әскери іс-қимылдарды жіті бақылап отыр. Олар "Авдеевка" немесе "Артемовск" сияқты күрделі топонимдерді ана тіліне көшіріп жазып жатыр. Сондықтан бұл жолы да АҚШ өз экономикалық даағдарысы үшін Украинаны жауапты етіп, қарызды қайтаруды және лендлиз үшін ақыны үстемесімен қоса төлеуді талап етеді.