Абай облысындағы орман өрті

Абай облысындағы өрт: жалын үш мың гектарды шарпыды

Sputnik
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Бородулиха ауданында 22 мамырда басталған өртті сөндіруге 600-ден астам төтенше жағдайлар қызметкерлері тартылды.
Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков қазіргі уақытта өрттің екі ошағы барын айтты.
"Өрт негізінен төменде болып жатыр. Алайда жалын біресе төменгі, біресе жоғарғы жақты кезек шарпуда. Оны сөндіруге өрт те кедергі келтіріп тұр. Өрттің өршуіне жол бермейміз деген үміт бар. Жерді жырту аумағын кеңейтіледі. Ауа райы тұрақталса көп ұзамай өртті оқшауланады", - дейді Гариков Хабар 24 арнасына берген сұхбатта.
Сонымен қатар жедел штаб кешеден бері орнын бірнеше рет ауыстырғаны белгілі болды. Өйткені өрт әр жерді бір шарпуда.
Еріктілер мен ауыл тұрғындары да өртті сөндіруге өздерінше қатысып жатыр. Олар өрт сөндірушілерді ыстық тамақпен қамтамасыз етіп жүр.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт аумағы 3 мың гектарға жетті.
Абай облысындағы орман өрті
Абай облысындағы орман өрті: оқиға орнына төтенше жағдайлар вице-министрі барды