Pink Lady Food Photographer of the Year 2023 халықаралық тағам суреттері байқауының жеңімпаздары белгілі болды. Байқау жыл сайын өткізіледі және оған әлемнің түкпір-түкпірінен тамақты суретке түсіретін кәсіпқой және әуесқой фотографтар қатысады.
Үздіктерді анықтау аясында әлем халықтарының тағамдарымен, сусындарымен, той-думандарымен және гастрономиялық дәстүрлерімен қалай да байланысты ең көрнекті суреттердің авторлары марапатталады. Бұл жолы үнділердің Мумбаи қаласындағы көшелерде "тәтті мақта" сатушы ер адамды суретке түсіріп алған британиялық фотограф Джон Инок жеңімпаз атанды.
Байқаудың осы және басқа да ең "дәмді" туындыларын суреттер топтамасынан тамашалаңыздар.