Іле Алатауында Австралия азаматы жоғалып кетті: туристің денесі табылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 23 мамыр – Sputnik. Австралия азаматы Үлкен Алматы шатқалын аралауға кеткен. Содан қайтып оралмаған, деп хабарлады республикалық жедел құтқару жасағының баспасөз қызметі.
1995 жылы туған Австралия азаматы 21 мамырда Үлкен Алматы шатқалына қарай кеткен. Содан оралмаған. Бұл туралы полиция департаментіне ер адаммен бірге келген Ресей азаматы хабарлаған.
"15.48-де төтенше жағдайлар министрлігі республикалық жедел құтқару жасағы құтқару бөлімшесінің басшысы Арыстанбаев Бауыржан спутниктік байланыс бойынша ақпарат берді, РОСО құтқарушылары Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметімен бірлесе отырып, Енисай шатқалындағы алғашқы сарқыраманың жанынан мәйіт тапты", - деп хабарлайды ведомстводағылар.
Еске сала кетейік, туристік сапармен келген шетелдік азамат Алматыға 20 мамырда кешке келген. 22 мамыр күні таңғы сағат 07:00-де ұшып кету керек болған.