Еңбекке жарамсыз қазақстандық Астанада ең лас жұмысқа жегілген

Sputnik
АСТАНА, 23 мамыр - Sputnik. Қостанай сотында еңбекке жарамсыз адамның еңбегін пайдалану туралы іс бойынша екі нақты, бір шартты үкім шығарылды, деп хабарлайды "Наша Газета".
23 мамырда әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Майдашаш Жұмағали, оның қызы Камилла Бимендина және Пешков арнайы қызмет көрсету орталығының директоры Дамира Әбілдиноваға Қостанайдың №2 сотында үкім шықты.
Айыпталушылар Пешковский интернатынан еңбекке жарамсыз М есімді азаматты Астанадағы Бимендинаға тиесілі жеке интернатқа алып кетіп, ең лас жұмысқа жеккен.
Майдашаш Жұмағали орта қауіпсіздік колониясында 8 жылға, Дамир Абельдиновке 6 жылға, 7 айға орта қауіпсіздік колониясында бас бостандығынан айырылды. Ал Камила Бимендинаға шартты түрде 6 жыл берілді.