АЛМАТЫ, 23 мамыр - Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылында тамақтан уланған оқушылар емделіп шықты, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта уланған 10 оқушы үйлеріне оралды.
"Балалардың денсаулығының жақсаруына байланысты және ата-аналарының өтініші бойынша балалар үйлеріне шығарылып, тұрақты мекен-жайы бойынша амбулаторлық бақылауға алынды", - деді Еңбекшіқазақ ауданы бойынша директордың ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары Әлия Омарбекова.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың 19 мамырында сағат 16:00-де жедел жәрдем бригадасы Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасының қабылдау бөліміне Бәйтерек ауылындағы орта мектептен 5 "Д" сыныбынан алдын ала "Бактериялық тағамнан улану, анықталмаған" деген диагнозбен 10 науқасты жеткізген болатын.