АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Үндістанның бюджеті төмен IndiGo лоукостері Қазақстанға әуе рейстерін іске қосады, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
"Үндістанның IndiGo бюджеті төмен әуе компаниясы 2023 жылғы 15 тамыздан бастап Дели – Алматы бағыты бойынша Қазақстанға рейстерді бастауды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.
Рейстер аптасына 3 рет орындалады. Жолаушыларды А-320 және А-321 типті ұшақтар тасымалдайды.
Ведомствоның ақпаратынша, IndiGo әуе акомпаниясы – Үндістанның ең ірі бюджеті төмен тасымалдаушысы.
"Лоукостердің Қазақстанның халықаралық тасымалдау нарығына кіруі әуе билеттерінің қолжетімділігіне оң әсер етеді және бәсекелестікті арттырады. Рейстердің артуы Қазақстан мен Үндістан арасында сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді", - деп мәлімдеді министрлік.
Айта кетері, IndiGo – Үндістанның ең ірі арзан әуе тасымалдаушысы. 2006 жылғы тамызда құрылған. Компания паркінің сыйымдылығы 186, 222, 232 орындық 300-ге жуық А-320, А-321 және ATR-72 әуе кемелерінен тұрады. Бағыттардың жалпы саны – 104, оның ішінде 78 – ішкі, 26 – халықаралық.