Тоқаев Сингапур президентін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

Sputnik
АЛМАТЫ, 22 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобты І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.
Қазақстан Республикасы және Сингапур Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобты І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
Сингапур Президенті Халима Якоб көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға бар күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді.