АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Астанада зорлау қылмысы үшін төрт жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматы ұсталды.
Көліктегі полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Астанада жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Германияның 1960 жылғы азаматын ұстады. Оған 2019 жылдан бері халықаралық іздеу жарияланған.
Ер адам Германияның Қылмыстық кодексінің 177-бабында "Адам зорлау" көзделген қылмысты жасағаны үшін іздеуде жүрген.
Қазір шетелдік уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.