Өңірлер

Қостанайда жоғалған жігіт туралы ақпарат үшін ақшалай сыйақы жарияланды

Хабарламаны "Барс" іздеу-құтқару жасағының еріктілері жариялаған
Sputnik
АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Қостанайда наурыз айында жоғалып кеткен жас жігіт әлі табылған жоқ. Ата-анасы ақшалай сыйақы жариялады, деп хабарлайды Alau.kz.
Жігіттің әкесі ұлына қатысты кез-келген ақпаратқа сыйақы беретінін айтты.
"Біз 2001 жылы туған, 1 наурызда жоғалып кеткен Жалғас Хамитовтың ата-анасымыз. Ұлымыздың нақты тұрғылықты жерін көрсететін адамға ақшалай сыйақы береміз. Егер кімде-кім ол туралы ақпарат білсе, қоңырау шалуыңызды сұраймыз", - дейді жоғалған жігіттің әкесі.
Қостанайда жоғалған Жалғас Хамитов
Жалғас 1 наурыз күні теміржол вокзалы ауданында жұмыстан шығып, сол күйі оралмаған.