АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Қазақстанда автомобиль-конструкторларды заңдастыруға рұқсат етілді.
Автоконструкторларды заңдастыру 22 мамырда басталады, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Көлікті тіркеу алгоритмі
1-қадам: Онлайн өтінім беру және оны электронды тіркеу (барлық автоконструктор иесіне автоматты түрде бас тарту және мамандандырылған ХҚКО-дағы Процессинг орталығының қызметкеріне қолда бар құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі).
2-қадам: ПО қызметкері көлік құжаттарының дұрыстығын тексереді және көлік "автоконструктор" критерийлеріне сәйкес келген жағдайда оны электронды мақұлдау парағына енгізеді.
3-қадам: Өтініш беруші қайтадан онлайн өтінім береді және электронды мақұлдау парағы бойынша алдын ала тексерістен өтеді, сарапшы-криминалист салыстыру үшін көлігімен бірге тексеру пунктіне жіберіледі.
4-қадам: Салыстырып тексеруден сәтті өткеннен кейін өтініш беруші ХҚКО-ға барлық қажетті құжатты, оның ішінде диагностикалық картаны ұсынады және мемлекеттік баж 200 000 теңге мөлшерінде алым төлейді.
Еске салсақ, заңдастыру биыл 1 шілдеге дейін жалғасады.