АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің 200 қызметкері 11 жастағы жасөспірімді бір тәулік іздеген, деп хабарлады "Мой город" порталы.
Баланың анасы 19 мамырда сағат 20:17-де полицияға шағымданған.
"№ 16 орта мектептің 5-сынып оқушысы сабақтан кейін үйіне оралмаған. Балада ұялы телефон болмады. Бірден департаменттің барлық жеке құрамы іздеуге жіберілді. Мұғалімдердің айтуынша, баланың мінезі ашық, көпшіл, бірақ сабақ үлгерімі нашар болған. Іздеу түні бойы жалғасты, полиция департаментінің 200 қызметкері тартылды, олар қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша тікелей міндеттерімен айналысудың орнына жоғалған баланы іздеді. Бала үйден қашып кеткен. Бұған дейін ол осы жылдың басында үйден қашып кеткен болатын", - деп хабарлады полиция.
Бала келесі күні, 20 мамырда табылды. Ол "Алтын Алма" базарының жанындағы бұталардың арасында ұйықтап жатқан.