Өңірлер

Ақтөбе облысында оқушылар мінген автокөлік жол апатына түсті

Sputnik
АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысында Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында жол апаты болды.
Аудан орталығының көшесінде "Нива" және "Лада Приора" автокөліктері соқтығысқан, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
"Нива" салонында кәмелетке толмаған бес бала болған, рөлде ауыл тұрғыны отырған. Жол апаты салдарынан 12 жастағы қыздың бұғанасы сынған. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Балалар көлікке ата-аналарының рұқсатымен мінгені белгілі болды. Спорт басқармасы оқушылардың жарысқа бармағанын хабарлады.
Еске салсақ, былтыр желтоқсанда Ақтөбе облысында Шұбарқұдық БЖСМ тәрбиеленушілері жол апатына ұшыраған болатын. Олар облыс орталығына волейболдан жарысқа шыққан. Сегіз бала мен жаттықтырушы түрлі жарақат алды. Жеңіл машинаның рөлінде БЖСМ директорының орынбасары отырған. Жақында бұл іс бойынша Алға аудандық сотында сот талқылауы басталды.
Қоғам
Алматы облысында 10 оқушы тамақтан уланып, ауруханаға түсті