Жетісу облысында ер адам досының 12 жастағы қарындасын зорламақ болған

Sputnik
АСТАНА, 20 мамыр - Sputnik. Жетісу облысында 23 жастағы ер адам досының қарындасын бірнеше рет зорламақ болған.
Оқиға Алакөл ауданының Достық станциясында болған. Ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
"Менің ағамның досы үш-төрт ай бойы 6-сынып оқушысы кішкентай қызға зорлау әрекетін жасады. Біз бұл туралы кеше ғана білдік. Қыз ата - анасының Алматыға кететінін біліп, оқиға қайталанады деп қорқып, бұл туралы анасына айтқан", - деп жазады пост авторы.
Қыздың анасы құқық қорғау органдарына шағымданған. Аймақтық полиция аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 121-бабының 3-1-тармағында көзделген "Кәмелетке толмаған адамға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Іс материалдарында күдікті ретінде Достық станциясының 23 жастағы тұрғыны ұсталып, айғақтар беру үшін Алакөл аудандық полициясына жеткізілді.