Саясат

Сингапур президенті мен Италия премьері Қазақстанға келеді

Sputnik
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Ақорда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы аптадағы жұмыс кестесін жариялады.
Президент 22 мамыр күні Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен кездеседі.
Сондай-ақ дәл осы күні Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келетін Сингапур президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.
Ал 25 мамыр күні мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мәскеуде өтетін кезекті отырысына қатысады.
Қытаймен ынтымақтастықты нығайту Қазақстанның дамуына мүмкіндік береді – Тоқаев