Өңірлер

Қызылордада жаппай төбелес болды

Sputnik
АЛМАТЫ, 20 мамыр – Sputnik. Қызылордада жастар жаппай төбелеске шықты.
20 мамырға қараған түні полицияға қала тұрғындары хабарласып, жас жігіттердің төбелесіп жатқанын айтқан.
Анықталғандай, жастар екі топқа бөлініп, бір-бірімен ерегесіп, соңы төбелеске ұласқан.
"Төбелеске қатысқан 12 адамның барлығы анықталды, олар облыс орталығының 25-30 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты. Барлығы міндетті медициналық тексеруден өткен соң, түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
ҚК 293-бабы 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша тергеу басталды.
Өңірлер
Қараөткел ауылында мектептегі жиналыс кезінде төбелес болды – видео