Өңірлер

Маңғыстауда куәгер жалған сөйлегені үшін сотталды

Sputnik
АЛМАТЫ, 20 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облысында жалған түсінік берген жергілікті тұрғын жазаға тартылды, деп хабарлайды Lada.kz.
Қарақия ауданының тұрғыны былтыр мамыр айында Жаңаөзен-Ақтау тас жолында болған жол апаты туралы тергеу мен сотқа жалған түсінік берген.
Прокурор кінәліні үш жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал сотталушы мен оның қорғаушысы бас бостандығынан айырмайтын жаза беруді өтінді.
"Сотталушы кінәсін мойындап, өкінетінін айтқан. Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ", - дейді соттың баспасөз қызметі.
Сот үкімімен ер адам ҚК 420-бабы 1-бөлігі "Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма" бойынша кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығы шектелді.
Өңірлер
Жетісу облысында жалған медициналық құжаттарды сатып келген топ ұсталды