Қоғам

Интерпол іздестіріп жүрген шетелдік Алматыда ұсталды

Sputnik
АЛМАТЫ, 20 мамыр – Sputnik. Алматыда Интерпол іздеу жариялаған шетелдік ұсталды.
ҚР ІІМ мәліметінше, ұсталған адам көрші мемлекеттердің бірінің азаматы. Оны Францияның құқық қорғау органдары іздестіріп жүрген.
32 жастағы ер адам аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады, қылмыстық топ құрды және ақша жылыстатты деген күдікке ілінді.
Бұған дейін Қазақстанның Бас прокуратурасы Интерполдың көмегімен Беларусьтен қазақстандықты экстрадициялаған болатын. Ол Жамбыл облысының аумағында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікке ілінген.
Қоғам
Қазақстандық жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен Беларусьтен экстрадицияланды