Өңірлер

Жетісуда кәсіпкерден ақша бопсалағандар ұсталды

Күдіктілерден 500 мың теңге тәркіленген
Sputnik
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Жетісу облысында екі ер адам кәсіпкерден ақша бопсалаған.
Полицейлер ҰҚКД қызметкерлерінің көмегімен жергілікті кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткен екі күдіктіні ұстады. Ұсталғандардан 500 мың теңге тәркіленді.
Күдіктілер Алматы-Өскемен тас жолының бойындағы дәмханалардың бірінде қолға түскен.
"Олардың бірі Алматының бұрын сотталған 53 жастағы тұрғыны, екіншісі Алакөл ауданының 35 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Жетісу облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігіне (қорқытып алу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Жетісу облысында кәсіпкерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды