"Солтүстік - Оңтүстік": Қазақстан мен РФ транзиттік коридор туралы меморанумға қол қойды

Sputnik
АСТАНА, 19 мамыр - Sputnik. Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Ресейдің көлік министрлігі "Солтүстік - Оңтүстік" транзиттік коридоры бойынша көлік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
Меморандумға халықаралық KazanForum 2023 "Ресей- Ислам әлемі" шарасында қол қойылды. Меморандумға министрлердің орынбасарлары Динара Щеглова мен Дмитрий Зверев қол қойды.
"Екі елдің көлік ведомстволары бұл құжатты кепілдендірілген қызмет пен кепілдендірілген көліктік қызмет алу үшін жасады", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Дмитрий Зверев.
Динара Щеглова жаңа көліктің коридор мен Қазақстан арқылы өтетін транзиттің маңыздылығына тоқталды.
"Соңғы жылдары Қазақстанда транзиттік тасымал және жалпы тасымалдау екі есе өсті. Екі ел үкіметінің арасындағы келісім жүк жөнелтушілер үшін барлық шараларды жеңілдетеді", - деді ол.
"Солтүстік - Оңтүстік" коридоры Санкт-Петербургтен Орталық Азия елдері арқылы Иран мен Индияға жалғасып жатыр.