Алматыда қыз 18 қабаттан құлады

Sputnik
АСТАНА, 19 мамыр - Sputnik. Алматыда көпқабатты үйдің балконынан 23 жастағы қыз құлап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде қайғылы оқиға болған жердің видеосы тарады.
Видео "Teracotta" тұрғын үй кешенінде түсірілген. Ондағы мәліметке сәйкес, өлімнің алдын ала себебі суицид.
Алматы қалалық Полиция департаменті аталған деректі Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша (Өз-өзін өлтіруге жеткізу) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркегенін хабарлады.
"Болжам бойынша өз-өзіне қол салған 2000 жылы туған В. есімді азаматша. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.