MILEX 2023 көрмесінде әскери техниканың озық үлгілері таныстырылды

Sputnik
Беларусь пен Ресейдің қару-жарақ үлгілерінің жартысынан көбі MILEX 2023 көрмесінде таныстырылды, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Минскте 17-20 мамыр аралығында MILEX.INNOVATIONS 23 қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық ғылыми конференциямен біріктіру аясында MILEX 2023 Халықаралық қару-жарақ пен әскери техника көрмесі өтіп жатыр.
24 мың шаршы метр аумақта орналасқан "Минск-арена" әлемнің 30 елінен келген 170 қатысушы ұйымды қабылдап жатыр және көрмеде қару-жарақ, әскери және арнайы техника үлгілері – пилотсыз ұшу аппараттары, броньдалған тасымалдаушылар, зымыран кешендері, әуе шабуылына қарсы қорғанысы жүйелері, қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы технологиялардың барлық спектрі қойылған. Көрмедегі 500 үлгінің 177-сі алғаш рет жұртшылық назарына ұсынылды. Сондықтан іс-шара қонақтарының арасында әлемнің барлық дерлік аймақтарынан келген өкілдерінің болуы кездейсоқ емес.
"Ең көрнекті экспонаттар қатарында "Буревестник", "Ловчий", "Чекан" және "Орион" барлау және соққы беруге арналған ұшқышсыз ұшақтар, сонымен қатар Hunter ұшқышсыз тікұшағы, "Миротворец" пилотсыз ұшатын аппаратының қарсы іс-қимыл мобильді жүйесі және "Кречет" дрондарымен күресуге арналған жауынгерлік модулі бар", - деп жазды Хроленко.
"Берсерк" роботтандырылған соққы жасау кешені де қызықты. MILEX 2023 көрмесіндегі 300 километрге дейінгі қашықтыққа ұшатын әлемге әйгілі "Полонез" жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйесін Беларусь қорғаныс өнеркәсібінің туындысы саналатын 52 километрге дейін жететін шағын "Флейтамен" жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйесі толықтырып тұр.
Беларусь Республикасы шығарған "Буревестник" ұшқышсыз ұшатын авиациялық кешені 80 килограмм пайдалы жүкті – барлау жабдықтарын, сегізге дейін С-5 зымыранын немесе екі камикадзе-дронын тасымалдауға қабілетті. Мың метрге дейінгі биіктікте ұшу уақыты он сағатқа дейін жетеді. Радиобайланысты жоғалтпай әрекет ету радиусы 70 километрге дейін, ретранслятор арқылы - 220 километрге дейін жетеді. Ең жоғарғы ұшу салмағы 390 килограмм болатын құрылғының қанаты 9,24 метрді құрайды.
Беларусьтің "Ловчий" және "Чекан" дрондары ұшу қашықтығы, пайдалы жүгі және жауынгерлік қолдану тактикасы бойынша ерекшеленеді. "Ловчий" пилотсыз ұшу аппараты ауада сегіз сағатқа дейін тұра алады. Ол 70 километр радиуста әрекет етеді, салмағы 20 килограмға дейінгі жеңіл зымырандарды немесе әуе бомбаларын тасымалдайды.
Әлдеқайда ықшам дрон-камикадзе "Чекан" жердегі стационарлы және жылжымалы нысаналарды – күндізгі уақытта жаудың адам күші мен техникасын іздеуге және жоюға арналған. Оның ұшуды басқарудың автоматты режимі бар. Іс-қимылдардың тактикалық қашықтығы – 25 километрге дейін жетеді. Ұшу ұзақтығы – мың метрге дейінгі биіктікте 45 минутқа дейін және жылдамдығы 140 км/сағ дейін жетеді. Дронның салмағы 12 килограмм, жауынгерлік заряды 2,5 килограмға дейін жетеді.
Беларусьтің Hunter барлау және соққы беретін ұшқышсыз тікұшағы толығымен роботтандырылған, сегіз басқарылмайтын зымырандарға арналған екі ұшыру қондырғысымен және 2,5 килограмм калибрлі 16 танкке қарсы бомбамен жабдықталған. Бортында 7,62 миллиметр калибрлі Калашников пулеметі орналастырылған қашықтан басқарылатын тұғыры бар, оқ-дәрі қоры 550 патронды құрайды.
Хроленконың сипаттауынша, құрылғыда баллистикалық калькуляторы бар көздеу кешені орналастырылған. Ең жоғары ұшу салмағы – 750 килограмм, ұшу ұзақтығы – алты сағатқа дейін жетеді.
Ресейлік "Орион" ұшқышсыз ұшағы 2019 жылдан бері сериялық сипатта шығарылады, ол ұрыс жағдайында сынақтан өтті және арнайы сипаттауды қажет етпейді. Спутниктік басқарудың арқасында әрекет ету диапазоны – төрт мың километрге дейін жетеді және жанармаймен қамтамасыз етумен ғана шектеледі. Ұшу ұзақтығы 24 сағатқа дейін жетеді және сегіз мың метрге дейінгі биіктікте 200 км/сағ жылдамдықпен ұшады. "Орион" дронының жауынгерлік жүктемесі 200 килограмға дейін жетеді.
"Миротворец" пилотсыз ұшу аппараттарына қарсы мобильді кешені кедергі жағдайында төмен және орташа биіктікте дрондарға қарсы тұруға арналған. Кешен құрамында 9А33-2В жауынгерлік машинасы, 9М33М3 зениттік зымыран кешендері, U-GCS жерүсті басқару станциясы, КР120 ұшыру қондырғысы, "Беркут" шабуылдаушы пилотсыз ұшу аппараттары, байланыс және тасымалдау құралдары бар.
MILEX 2023 көрмесінде алғаш рет "Кречет" пилотсыз ұшу аппараттарымен күресуге арналған жаңа беларусь жауынгерлік модулі ұсынылды. Ол әуе кеңістігіне айналып шолу жүргізуге, шағын дрондарды анықтауға және оларды атыс күшімен жоюға қабілетті. Жауынгерлік модуль "Кайман" броньдалған машинасында орнатылған, сонымен қатар бортында "Глобус" айналып шолу жүргізетін радио-локациялық жүйесі және Калашников пулеметі бар автоматтандырылған (қашықтан басқарылатын) бақылау және атыс кешені (АҚББОК) бар. Қарсыластың дрондарын анықтаудың ең жоғарғы қашықтығы – алты шақырым, тиімді зақымдау қашықтығы – 500 метр. Тереңдігі 500-ден мың метрге дейінгі алыс аймақта дрондармен күресу үшін арнайы тежегіш-дрон қолданылады.
Минсктегі көрмеде таныстырылған тағы бір технологиялық жетістік – "Берсерк" роботтандырылған өздігінен жүретін соққы жасаушы кешен. Ол оқ-дәрі қоры үш мың патрон болатын ПШГ-7,62 қосарланған зеңбірегімен жабдықталған. Бес шақырымға дейінгі қашықтықтан оператор басқаратын кешен мың метрге дейінгі қашықтықта бағытталған атыс жүргізуге қабілетті. "Берсерк" броньдалған техникасы мен тікұшақтың сұлбаларын сәйкесінше алты және он шақырым қашықтықта таниды. Машинаның жолсыз жерлермен өту мүмкіндігі жоғары, жұмыс дербестігі 60 минутқа дейін, қуат қоры 30 километрге дейін жетеді.
"MILEX 2023 көрмесінде Беларусь пен Ресей әрқайсысы шамамен 150 экспонат ұсынды. Яғни көрмеге барлық қару-жарақ пен техниканың жартысынан көбі қойылды.
Минсктегі ресейлік мамандар беларусь өндірушілерімен тығыз ынтымақтастық орнатуға, авиациялық бөлшектерді, тораптар мен жинақтарды жеткізу көлемін ұлғайтуға ұмтылып жатыр. Беларусь аумағында республикаға жеткізілетін ресейлік ұшақтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету алаңдарын құру пысықталып жатыр", - деп жазды сарапшы.
Беларусь тарапы арнайы операция аясында Ресейге әскери техника жеткізуді айтарлықтай арттырды. Бұл жүздеген миллион долларды қамтиды. Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко MILEX 2023 іс-шарасына қатысушыларға арнаған сөзінде көрменің негізгі мақсаты тәжірибе алмасу, халықаралық әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту, планетаның барлық аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау екенін еске салды.
Одақтың мемлекеттің мемлекеттік хатшысы Дмитрий Мезенцев MILEX 2023 көрмесінің ашылуында Беларусь пен Ресейдің бірлескен қорғаныс әлеуетінің өскені туралы айтты. ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы, генерал-полковник Анатолий Сидоров Беларусь қарулы күштерінің Минсктегі жетістіктерін жоғары бағалады.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы