Аялдамада отырған қызға көлік дөңгелегі тиді – Астанада болған оқиғаның видеосы тарады

Sputnik
АСТАНА, 18 мамыр - Sputnik. Астана қаласында аялдамада автобус күтіп отырған қыздың басына көлік дөңгелегі тиді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады. Аялдамада екі адам отыр, кенеттен артынан көлік дөңгелегі ұшып келіп, орындықта отырған қыздың басына тиген. Ол құлап түсті. Жанында отырған ер адам басын ұстап, көмек іздей бастады.
Астана қалалық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға биыл 27 сәуірде Абылайхан даңғылы мен Бурабай көшесінің қиылысында болған. Жеңіл көліктің дөңгелегі ұшып кетіп, қыздың басына тиген.
"18 жастағы қыз медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Осы факт бойынша полицияға арыз түскен жоқ. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді полицейлер.