Ақтөбеде орталық мамандары мүгедек балаларды ұрып-соққан

Sputnik
АЛМАТЫ, 18 мамыр – Sputnik. Ақтөбе қаласының прокуратурасы №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жұмысшылардың балаларды ұрып-соғатынын анықтады, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық прокуратурасы.
Мекемені прокуратура қызметкерлері, қорғаншылық және қамқоршылық орган, Ақтөбе облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының өкілдері, полиция және медицина қызметкерлері тексерген.

"27 сәуірде Ақтөбе қаласының прокуратурасына №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жұмысшылардың балаларды ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу арқылы №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің балаларды ұрып-соғу фактісі анықталды", - дейді Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.

Қазіргі күні Ақтөбе қаласының прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, тергеу үшін Ақтөбе қаласының полиция басқармасына жолдаған.
Ақтөбеде отбасы мүмкіндігі шектеулі азаматқа күштеп қайыр сұратқан