"Валдай": Ресей Қазақстан мен Орталық Азияның ақпараттық кеңістігіне қалай әсер етеді

Sputnik
АСТАНА, 17 мамыр - Sputnik. Ресей Қазақстан мен Орталық Азияның ақпараттық кеңістігіне қалай әсер етеді деген сұраққа қазақстандық экономист, "Валдай" дискуссиялық клубының қатысушысы Рақым Ошақбаев жауап берді.
Оның айтуынша, Қазақстанда орыс тілі кеңінен тараған, сондықтан екі ел бір ақпараттық кеңістікте деуге болады.
Алайда, кез келген қоғамдық процестің динамикасына тән пікір алуандығы бар.
"Ресейлік ақпараттық кеңістіктегі нарративтер Қазақстанға өтеді, менің ойымша олар айтарлықтай сенім ұялатады", - дейді Ошақбаев.
Сонымен қатар ол Telegram-каналдарға қатысты пікір білдіріп, оқырмандары көбейіп келе жатқан пікір алуандығын ұсынатын феномен деп атап өтті.