Тоқаевты Қытай басшысы қарсы алды

Sputnik
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин қарсы алды.
ТоқаевтыңҚытайға мемлекеттік сапары аясында ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер өтеді. Кездесу кезінде екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады.
18 мамырда президент Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездесіп, Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысады. Ал 19 мамырда "Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысады. Сонымен қатар президент еліміздің Сиань қаласындағы Бас консулдығының салтанатты түрде ашылу рәсіміне барады.
Бүгін Қазақстан президенті 70 жасқа толып отыр.