Таразда 12 жастағы бала әкесінің көлігін айдап кеткен

Sputnik
АЛМАТЫ, 17 мамыр – Sputnik. Таразда 12 жастағы бала көлік жүргізген. Әлеуметтік желіде тараған видеоға қалалық полиция басқармасының мамандары түсініктеме берді.
Полиция бейнежазбаны әлеуметтік желіге монтиорниг жүргізген кезде байқап қалған.
"Жасы кәмелетке толмаған бала "Subaru" автокөлігін жүргізген. Патрульдік полиция қызметкерлері автокөліктің иесін анықтады. Көлік иесінің айтуынша 12 жастағы баласы автокөлікті рұқсатсыз айдап кеткен. Оның видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарап кеткенін білмеген", - дейді ведомство.
ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі "Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы" бойынша жүргізушіге 50 АЕК айыппұл салынып, автокөлік арнайы айыптұраққа қойылған.
Полицияның айтуынша, жеткіншекпен және ата-анасымен профилактикалық жұмыс жүргізілді.
Өңірлер
Оралда 9 жасар бала көлік айдап әкетіп, апатқа ұшыраған