АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты 70 жасқа толған мерейтойымен телефон арқылы құттықтады.
Ресей басшысы Еуразия кеңістігінде өзара тиімді интеграциялық процестердіілгерілету жұмысы жалғасады деп үміт білдірді, делінген Кремль сайтында жарияланған жеделхатта.
Құттықтауда Тоқаев "өз елін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытып, әлемдік аренада оның мүддесін қорғау үшін көп жұмыс істеп жатқан тәжірибелі, көреген саясаткер ретінде" халықаралық беделге ие екендігі және отандастарының құрметіне бөленгені жайлы айтылған.
"Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайту, сондай-ақ еуразиялық кеңістіктегі өзара тиімді интеграциялық үдерістерді ілгерілету жөніндегі сындарлы диалог пен тығыз бірлескен жұмысымызды жалғастыра береміз деп үміттенемін", - делінген құттықтауда.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерейтойын атап өтіп жатыр. Бүгін, 17 мамырда ол 70 жасқа толды.