АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Қырғызстанның Дмитриевка ауылында ұйымдасқын қылмыстық топты ұстау кезінде атыс болды.
Елдің ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ҰҚҚ қызмткерлерімен бірлескен арнайы операция кезінде қаруланған террорист ұсталды. Қазіргі уақытта оқиға орнына ҰҚҚ мен ІІМ басшылары келді.
Бұған дейін әлеуметтік желіде қаруланған топ мектеп пен медресені басып алды деген ақпарат тарады.
Елдің құқық қорғау органы бұл ақпаратты растамады, алайда жоққа да шығарған жоқ, деп жазды sputnik_kyrgyzstan.
Арнайы операция кезінде екі қызметкер жараланды, оның біреуі ауруханаға жатқызылды.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қаруланған адамдар адамдарды тұтқынға алуы мүмкін.
Атыс болған Дмитриевка ауылы Бішкектен 30 шақырым жерде орналасқан.