АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева жемқорлық жасады деген күдікке ілінді. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.
"Сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаймыз. Тергеу іс-шаралары жалғасуда", - деді Антикордағылар.
ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Қожабаева Астана қаласы қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы қызметіне 2020 жылы ақпан айында тағайындалған.