Өңірлер

Ақтауда түнде болған атыс тұрғындардың зәресін ұшырды – видео

Sputnik
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Ақтау тұрғындары түнде атыс дыбысын естіген. Оқиға орнынан гильзалар табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 16 мамыр сағат 00:37 шамасында болды. "102" нөміріне 16 шағын ауданда белгісіз біреулер бірнеше рет оқ атқаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Полицейлер ол жерден атыс гильзаларын тәркіледі.
Тексеру барысында оқ жарақатынан зардап шеккен адамдар анықталмады. Маңғыстау облыстық ауруханасына ешкім жүгінбеген.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде тіркелді.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Шу маңынан қаңтарда ұрланған атыс қаруы мен оқ-дәрілер табылды