Алматыда жүк пойызы екі көлікті қағып кетті

Sputnik
АЛМАТЫ, 17 мамыр – Sputnik. Алматы қаласы Бұрындай темір жол өткелінде жүк пойызы екі көлікті қағып кеткен.
Оқиға 6 мамырда болған. Әлеуметтік желі қолданушысының айтуынша, төтенше жағдай кезінде темір жолдағы шлагбаумдар көліктер үшін ашық тұрған.
"Шлагбаум ашық болды, бағдаршам қосылмады, кезекші өз будкасынан пойыз көліктерді соққанан кейін ғана шықты. Екі көліккезақым келді.Құдайға шүкір адам шығыны жоқ. Құқық қорғау органдары бұл жол апатын жасырып отыр. Хаттама жазылмады, жол апатын тіркемеді. 10 күн өтті, құқық қорғау органдары үнсіз отыр, қоңырауға жауап бермейді. Олар ешқандай апат болмағандай кейіп танытады", - дейді Ксения Зеленская.
Ал темір жол мамандары жол апаты болғанын растап отыр.
"6 мамыр сағат 9:42-де Алматы станциясында жеке кірме жолдың күзетілетін теміржол өткелінде екі автокөлік пен жүк пойызы соқтығысты. Темір жолдағы жылжымалы дабыл дұрыс жұмыс істеп тұрған. Өткелде кезекшілік атқарған маман жеке кәсіпорынның жұмысшысы", - дейді "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.
Ақмола облысында пойыз бірнеше жылқыны басып кетті