АСТАНА, 16 мамыр - Sputnik. Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды.
Бірақ бір әйелдің күдікті ретінде шақырылғанын және оны жедел жәрдеммен алып кеткенін растады, деп хабарлайды Astana TV.
Бұған дейін әлеуеттік желіде Өскемен қаласындағы полиция бөліміне шақырылған әйелдің қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Адвокат Биқожа Нұржанның айтуынша, полиция күдікті әйелді 5 сағат бойы заңсыз ұстаған. Сол жерде оның жағдайы нашарлаған. Бірақ тергеуші оны босатпады.
Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті әйелдің қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Ресми мәліметке сәйкес, 12 мамырда Ертіс аудандық полиция бөліміне бір қала тұрғыны арызданып, үйінен қымбат заттардың жоғалғанын айтты. Тексеріс кезінде шағым түсірген адамның үйінде 59 жастағы әйелдің жұмыс істегені анықталды. Сол күні түнгі сағат 22.38-де оны полиция шақырды. Күдікті әйел бір сағаттан кейін келген.
"00:26-да ол әйел кезекшіге өзін нашар сезініп отырғанын айтты. Осыдан кейін жедел жәрдем шақырылды. Оны бейнежазба да растап отыр", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде әйел ауруханада емделеп жатыр. Диагнозы - гипертония (қан қысымының жоғарлауы).