БЖЗҚ-дағы қаржының көлемі бір триллионға көбейді

Sputnik
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасы өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін үкіметте төрт айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің орындалу шаралары қаралды. Ұлттық банктің мәліметі бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржысы бір триллион теңгеге артты.
"Сәуірдің соңында БЖЗҚ-ның активтері 15,7 триллион теңгені құрады. Осылайша, жыл басынан бері қор қаржысы 1 триллион теңгеге, яғни, 7,2 процентке артты", - деді банк төрағасының орынбасары Тутушкин.
Оның айтуынша, инвестициялық табыс та өсті. Жыл басынан жиналған қаржының үстінен 482 миллиарда теңге түсті. Жалпы, БЖЗҚ-ға 664 миллиард теңгенің зейнетақы аударымдары түсті. Қордан 82 миллиардов теңгеге зейнетақы төлемдері жасалды. Бұдан бөлек, мерзімінен бұрын алынған қаржының көлемі 47 миллиард теңгені құрады.
Қоғам
Әрбір бала үшін әйелдің зейнет жасын төмендетуге бола ма – министр жауап берді