АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Қазақстанда ақылы жолға кірген көлік жүргізушелеріне SMS-хабарлама жіберу бойынша пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан QazAvtoJol компаниясына сілтеме жасап.
Пилоттық жоба аясында автокөлік иесіне ақылы жолға өткені туралы SMS-хабарлама түседі. Соның ішінде төлем әдістері туралы сілтеме де болады. SMS-хабарлама ашық жүйе іске қосылған жеті ақылы жолдан өткен кезде келеді.
Олар:
Астана-Павлодар;
Шымкент-Қызылорда;
Шымкент-Ташкент;
Шымкент-Тараз;
Тараз-Қайнар;
Қонаев-Талдықорған;
Щучинск-Көкшетау;
Шлагбаумдар қарастырылған учаскелерден өткен кезде ("Астана-Щучинск"," Астана-Теміртау" ,"Алматы-Қонаев"," Алматы-Қорғас") SMS-хабарлама келмейді.
Айта кетейік, елімізде жалпы ұзындығы 2,200 шақырымды құрайтын 11 ақылы жол бар.