Алматыдан Шымкентке ұшып шыққан ұшақ мәжбүрлі түрде қонды

Sputnik
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. FlyArystan әуе компаниясының ұшағы сағат 13.10-да әуеге көтерілді, бірақ найзағай мен қатты желдің салдарынан Шымкентке қонуға мүмкіндік болмады.
"FlyArystan 2023 жылдың16 мамырында сағат 13:10-да ұшқан Алматы – Шымкент рейсінің Шымкенттегі қолайсыз ауа райы жағдайларына, атап айтқанда, найзағай мен күшті желге байланысты Алматыға мәжбүрлі түрде қонғанын хабарлайды", - делінген ақпаратта.
Салынған құрылыстың салдарынан ұшу-қону жолағыныңқарама-қарсы жағына қону мүмкін болмады, деп нақтылады FlyArystan.
Қоғам
Ақтөбеден Бакуге бет алған ұшақ Атырауға шұғыл қонды