Жамбыл облысында 80 жастағы қария бүлдіршінді алдап, телефонын алып кетті

Sputnik
АЛМАТЫ, 15 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында 80 жастағы қария 5 жастағы бүлдіршіннің телефонын алдап алып кеткен, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қария бүлдіршінге алма беріп алдаған.
"Байзақ ауданының полиция бөліміне 5 жасар қыздың анасы шағымданып, белгісіз қарт кісі кәмелетке толмаған қызының смартфонын алып кеткенін хабарлаған. Күдікті бағасы 132 мың теңге тұратын гаджетті бүлдіршінді алдап, алмаға айырбастап алған", - дейді ведомство.
80 жастағы ер адам ұсталып, өз кінәсін толық мойындаған. Ұялы телефон тәркіленді.
ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі "Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Өңірлер
Полицейлер қымбат телефонды мың теңгеге "сатып алған" адамды ұстады