Жамбыл облысында алаяқтарға 800 млн теңге субсидия берілген

Sputnik
АСТАНА, 15 мамыр - Sputnik. Жамбыл облысында жалған шот-фактураларға 800 млн теңге субсидия бөлінген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Таңқурайдың субсидияланған түрін жеткіземіз деп жалған шот-фактуралар жасалған. Содан кейін субсидия алуға фермерлердің атынан электронды өтініш жасалған, бұл жағдайдан шаруа қожалығының иелері бейхабар. Тексеріс нәтижесінде таңқурай егілген алқаптар табылмады", - делінген ведомство хабарламасында.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, алаяқтық бойынша 4 қылмыстық іс тіркелген. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Оңтүстік Қазақстанда құлпынайды субсидиялауға қатысты дәл осындай дау биыл наурызда ғана болған еді. Мәжілісмен Жигули Дайрабаевтың ұлдары құлпынай өсіреміз деп істі болды. Оларға 550 млн теңге жымқырды деген айып тағылды. Сот оларды 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға және материалдық шығынды өтеуге үкім шығарды.
"Балаларым кінәлі емес": депутат Дайрабаев мәжілістен кетпейтінін айтты