Саясат

Тоқаев Ердоғанды сайлаудың бірінші кезеңіндегі жеңісімен құттықтады

Sputnik
АСТАНА, 15 мамыр - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгімелесу барысында мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоғанды Түркиядағы президент сайлауының бірінші кезеңінде жеңіске жетуімен құттықтады.
Президент сондай-ақ парламенттік сайлауда Әділет және даму партиясы бастаған республикалық альянстың жеткен жетістігін атап өтті.
Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия президенттері бауырлас екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.
0,7% жетпей қалды: Түркиядағы сайлауда Ердоған 49,3% дауыс жинады