АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Қостанай облысының Тобыл қаласында ит 3 жасар қыздың бетін жұлмалап тастады, деп хабарлайды Alay.kz.
Оқиға 6 мамырда болған. Питбуль 3 жасар қыздың бетін жұлмалап тастаған.
Қостанай облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Игорь Белобржицкий баланың ауыр халде түскенін айтты.
"Қыз ауыр халде түсті. Ол шок алған. Ерні мен беті жыртылған. Шұғыл ота жасалды. Еріндерін орнына келтіріп, беті тігілді. Бала бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты", - деді аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Игорь Белобржицкий.
Ол баланың жағдайы қазір қанағаттанарлық екенін айтты: бала белсенді, жүгіріп жүр, тамақ ішеді, жағдайы қанағаттанарлыққа жақын.
"Тігістерді тексеріп тұрмыз. Қабыну жоқ. Әдетте ит тістегеннен кейін мұндай жараларда инфекция туындайды, іріңдейді, әсіресе бет аумағы өте қауіпті. Инфекция миға түседі. Қазір бәрі жақсы. Температура жоқ. Бірнеше күннен кейін тігістерді алып тастайтын шығармыз. Содан кейін баланы үйіне жібереміз", - деді Игорь Белобржицкий.